Зейнеткер ұзақ уақыт бойы ауыр науқастанған, төсекке таңылып, тұрақты күтімді қажет еткен.
«Шизофрениямен ауырған»: Атырауда келіні 82 жастағы енесін пышақтап өлтірді
321
оқылды

Қызылқоға ауданында 82 жастағы әйел өз үйінде қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Зейнеткер ұзақ уақыт бойы ауыр науқастанған, төсекке таңылып, тұрақты күтімді қажет еткен.

Тергеу деректеріне сәйкес, қайғылы оқиға болған күні үйде марқұм мен оның 38 жастағы келіні ғана болған. Күдікті асүй пышағын қолданып, қарт әйелдің басы мен денесіне кемінде төрт рет соққы жасаған. Жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Тергеу барысында тағайындалған сот-медициналық және психологиялық-психиатриялық сараптамалар оның созылмалы психикалық ауру — параноидты шизофрениямен ауыратынын анықтаған.