Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аталған мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.
Солтүстік өңірлерге ерекше құқықтық мәртебе беру ұсынылды деген ақпарат жалған
102
оқылды

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев еліміздің солтүстік өңірлеріне ерекше құқықтық мәртебе беруді ұсынды деген мазмұндағы ақпарат тарап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аталған мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.

Сонымен қатар жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеміз.

Осыған байланысты барлық азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми дереккөздерге және тексерілген ақпаратқа ғана сүйенуге шақырамыз, – делінген ведомствода.