Оның айтуынша, немересіне Әлем деп ат қою кездейсоқ емес:
«Немерем тарихта қалды»: Айнұр Тұрсынбаева ерекше жазба жариялады
230
оқылды

Коуч әрі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева немересі Әлем туралы ерекше оқиғасын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Оның айтуынша, немересіне Әлем деп ат қою кездейсоқ емес:

«Адамның есімі өміріне қатты әсер етеді дегенге сенемін. Немеремнің есімін Әлем деп қоюымның себебі – әлемге танылсын, әлемге пайдасы тисін деген ниет еді», – дейді ақын.

Бір қызығы, Әлемтің әрекеті ешқандай сценарийсіз, арнайы дайындықсыз жасалды. Ол жай ғана айфонды бассейнге лақтырып жібергенде видео әлеуметтік желіде 50 миллион қаралым жинап, әлемнің назарын аударды. «Осы сәт "Лувр" музейінің тарихында қалды: Әлем лақтырған телефон қабырғаға ілінді. Бүкіл әлем бұл тарихқа қарап жатыр», – деп өз ойын бөлісті Айнұр Тұрсынбаева.

Айтыскердің айтуынша, бұл сәт оның жүрегінде ерекше есте қалған.

«Балам мен келінім қаншама рет команда жинап, видео түсіріп, 50 миллион қаралым жинай алмады. Ал Әлем бір сәтте жинап берді. Осыдан кейін әлемдік компаниялар немеремнің әке-шешесіне ұсыныстар жасай бастады. Абу-Дабидегі Лувр музейі де туристердің қызығушылығын арттырғаны үшін олардың отбасына музейге кіруге тегін абонемент берді. Әлем өз есіміне сай әлемнің есігін еркін ашып келеді», – деп атап өтті ақын.