Испания чемпионатының 22-туры аясында Реал Мадрид өз алаңында Райо Вальекано командасын 2:1 есебімен жеңді. Алғашқы голды 15-минутта Винисиус Жуниор соқты.
Екінші таймның басында қонақтар Хорхе де Фрутос арқылы есепті теңестірді. Кездесу барысында «Реал» ойыншысы Джуд Беллингем жарақат алып, 8-минутта алаңнан шықты.
Қосымша уақытта Килиан Мбаппе пенальтиден гол соғып, мадридтік клубқа жеңіс әкелді. Матчты «Райо Вальекано» командасы екі ойыншы кем аяқтады.