Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 2 ақпанда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер.
Қазақстан бойынша ауа райы күрт құбылмалы болады
Фото: iStock
214
оқылды

 Қазақстан аумағында келесі қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтіледі:

Тұман ел аумағының басым бөлігінде күтіледі;

Көктайғақ батыс пен орталық өңірлерде болжанады;

Қар, боран оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс аймақтарда күтіледі;

Күшті жел екпіні 15-20 м/с дейін солтүстікте, сондай-ақ оңтүстіктің таулы аймақтарында ықтимал.

Дауылды ескертулер сақталады:

2 ақпанда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Дауылды ескертулер күтіледі:

2 ақпанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

2 ақпанда Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

 2 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

 2 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда қаласында кей уақытта көктайғақ, тұман күтіледі.

2 ақпанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қостанай қаласында тұман күтіледі.

 2 ақпанда Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

 2 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қаласында тұман күтіледі.

 2 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Орал қаласында көктайғақ, тұман күтіледі.

 2 ақпанда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

  2 ақпанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды қаласында тұман, көктайғақ күтіледі.

 2 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Жезқазған қаласында тұман, көктайғақ күтіледі.

 2 ақпанда түнде Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтау қаласында түнде көктайғақ, тұман күтіледі.  

 2 ақпанда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Атырау қаласында кей уақыттарда тұман күтіледі.

 2 ақпанда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қаласында кей уақыттарда тұман күтіледі.