Жер учаскесі «техникалық қызмет көрсету стансасы, сауда орталығы және сұлулық салонын» салуға арналған екен.
Шымкентте жалпы пайдалануға арналған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: gov.kz
191
оқылды

Шымкент қаласы Жер ресурстарын басқару департаменті (ҚР АШМ ЖРБК) жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында, 2005 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің шешімімен жеке тұлғаға жер заңнамасы талаптарын сақтамай, жалпы пайдалануға арналған 0,1 га жер телімі жекеменшікке берілгені анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл жер учаскесі «техникалық қызмет көрсету стансасы, сауда орталығы және сұлулық салонын» салуға арналған.

Еліміздің Жер кодексінің 26-бабына сәйкес, жалпы пайдалануға арналған аумақтарда орналасқан жер телімдері жекеменшікке берілмейді.

Анықталған заңбұзушылықты жою мақсатында департамент Шымкент қаласының ауданаралық азаматтық істер бойынша сотына Шымкент қаласы әкімдігінің шешімін және сатып алу-сату келісімшарттарын жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен жүгінді. Сот талап-арызды толық қанағаттандырды.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шағымды қанағаттандырмады, ал алғашқы сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.