Елімізде жауын-шашынды ауа райы күтіледі.
Түнде ауа температурасы 28 градус аязға дейін төмендейді
Фото: iStock
177
оқылды

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі циклондық қызметтің ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынды ауа райы күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Кейбір күндері қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, бұрқасынмен бірге екпінді жел болжанады.

Сонымен қатар оңтүстік-батыс бағыттағы жылы ауа массаларының келуі салдарынан күндіз ауа температурасы солтүстікте 0-7°С аязға дейін, батыста, солтүстік-батыста және орталықта 5°С аяздан 2°С жылуға дейін, оңтүстікте 8-17°С жылуға дейін, оңтүстік-шығыста 5-15°С жылуға дейін көтеріледі.

4 ақпаннан бастап елдің батыс өңірлерінде ауа райын скандинавиялық антициклон қалыптастырады, оның әсерінен түнде ауа температурасы 20-28°С аязға дейін төмендейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.