Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәмила Бақбергенова Ресейдің Красноярск қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.
Алтын медаль еншіледі
89
оқылды

Отандасымыз дәстүрлі Иван Ярыгин кубогында 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда жеңіске жетті.

Шешуші белдесуде Бақбергенова Болртунгалаг Зоригтты (Моңғолия) жеңді. Нұрзат Нұртаева (Қырғызстан) мен Ксения Буракова (Ресей) үшінші орын алды.

Айта кетейік, бұған дейін бұл турнирде Лаура Алмағанбетова (55 келіге дейін) мен Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Әсет ҚАЛИ