Бұл жолы оны жұмысшының жалақысын бермеді деп айыптап отыр.
«Күйеуімнің жалақысын бермеді»: Сәкен Майғазиевке қатысты дау әлеуметтік желіде қыза түсті
401
оқылды

Әнші Сәкен Майғазиевке қатысты әлеуметтік желілерде тағы бір дау туындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұл жолы оны жұмысшының жалақысын бермеді деп айыптап отыр.

Түркістан қаласының тұрғыны Дариға Жолдас Threads әлеуметтік желісінде жазба жариялап, SMart мектебі атынан күйеуінің үш ай еңбекақысы төленбегенін мәлімдеді. Келіншектің айтуынша, жұбайы жағдайға байланысты жұмысын жалғастырып келген, бірақ жалақы алмай, кредитке алған ноутбугы мен қосымша қарызға батуға мәжбүр болған. Кейін отбасылық жағдайына байланысты басқа жұмысқа ауысқан.

Дариға Жолдас жазуында мәселені шешу үшін Майғазиевтің ұлы Әділетке бірнеше рет хабарласқанын, бірақ «береміз» деген уәдеге қарамастан, екі жылдан астам уақыт бойы еш нәтиже болмағанын айтқан.

Жазба жарияланған соң Сәкен Майғазиев пен ұлы Әділет Дариға Жолдаспен байланысып, жазбаны алып тастауды сұрап, жалақыны 25 ақпанға дейін төлеуге уәде еткен.

Дегенмен, Threads қолданушылары бұл уәделерге күмәнмен қарап, әншінің әлеуметтік желідегі жазбаларының астына еңбекақыны қайтаруды талап еткен пікірлер қалдырып жатыр.