Өнер иесі өзінен 15 жас кіші сүйіктісін көрсеткен болатын.
«Сыртымнан ғайбат айта беріңіздер…»: Жігер Ауыпбаев өзін сынағандарға жауап берді
Фото: instagram.com/jiger_auypbaev_official
217
оқылды

Әнші, “Меломен” тобының бұрынғы мүшесі Жігер Ауыпбаев өзін сынағандарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

 Өнер иесі өзінен 15 жас кіші сүйіктісін көрсеткен болатын. Әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, жеке өміріне қатысты түрлі сын айтатындарға мән бермеуге тырысатынын жеткізді.

«Адамның көзі тірі кезінде сөзден аманы жоқ, өлгеннің жаманы жоқ! Біреуі “педофил” дейді, біреуі “теңің емес” дейді, біреуі “папасы сияқты…”дейді. Біреуі қарғайды… Біреуі көреалмаушылықтан арам ниетпен, ардан безіп, Құдайдың қаһарынан аттап өтіп, сырттан сиқыр жасайды… Бұлардың барлығы Алланың жүрекке салған махаббаты мен бір-бірімізді жолықтырғанымыздың қасында түкке тұрғысыз әңгімелер. Хейт жаза беріңіздер… Сыртымнан ғайбат айта беріңіздер… Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қандай амалға толтырамын десеңіздер де өздеріңіз білесіздер. Ал мен Алланың қалауымен ары қарай жылжи беремін», - дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.