“Курьерлік жұмыс” туралы күмәнді хабарландырулар көбіне заңсыз әрекеттермен, соның ішінде тыйым салынған заттардың айналымымен байланысты болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Жылдам әрі оңай табыс уәде ететін бұл ұсыныстардың соңы қылмыстық жауапкершілікке, тіпті бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты тәртіп сақшылары азаматтарды заңсыз әрекеттерден аулақ болуға, күмән тудыратын ұсыныстарға сенбеуге және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.