Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Сарыбастау ауылында қорқынышты трагедия болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Аймақтық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметіне сүйенсек, жеке үйден бір отбасының төрт мүшесінің мәйіті табылды.
Мәйітті 2026 жылғы 2 ақпанда туысы анықтаған. Белгілі болғандай, отбасы бірнеше күн бойы байланысқа шықпаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық жағдайы анықталып жатыр.
«Өлім себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – дейді Полиция департаменті.