Павлодар облысының мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Сергей Теренченконың айтуынша, жаңа Конституцияның жобасы мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық бағдар. Бұл туралы ол Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның VIII отырысында айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Павлодар облысы атынан комиссия жұмысына толық қолдау білдірілді. Барлық деңгейдегі мәслихат төрағалары мен партияның өңірлік филиалдары халықпен белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кездесулер барысында айтылған барлық ұсыныстар комиссияға қарау үшін жолданып отыр.
Білім, ғылым, мәдениет және инновациялар мемлекеттік саясаттың жай бағыттары ғана емес, ел дамуының берік негізі ретінде бекітіледі. Цифрлық құқықтарға ерекше назар аударылуы қазіргі ақпараттық кеңістікте жеке тұлғаны қорғаудың маңызын көрсетеді. Саяси жүйені жаңғырту, бұл ретте мемлекеттің негізгі қағидаттары егемендік, унитарлық және аумақтық тұтастық өзгеріссіз қалады. Дайындалған жаңа Конституция жобасы жай ғана күрделі құқықтық құжат емес. Ол мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық бағдар және қоғам сұранысына, заман талаптарына толық жауап береді», – деді ол.