Жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ.
Қордай ауданында қар құрсауынан 50 жеңіл және 30 жүк автокөлігі шығарылды
Фото: gov.kz
147
оқылды

Жамбыл облысының Қордай ауданы Қордайдың ескі асуында (170-190 шақырым) ауа райының қолайсыздығына байланысты жүк автокөліктері қар құрсауында қалып, автожолдың жүру бөлігін жауып қалды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Соның салдарынан көліктер жиналды. 

ТЖМ күштерімен қар құрсауынан 50 жеңіл және 30 жүк автокөлігі қауіпсіз жерге шығарылды. Құтқарылғандар арасында зардап шеккендер жоқ.

Ауа райының қолайсыздығына және автожолдардың жабылуына байланысты Жамбыл облысы ТЖД азаматтарға психологиялық көмек көрсету және ақпараттандыру мақсатында «жедел желі» телефондары ашылды.

8 (7262) 43-58-97, 43-58-39

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.