Құқық қорғау органдары аталған деректі растады.
Шымкенттегі көпқабатты үйдің ауласына ағаш құлап, 10 жастағы бала мерт болды
218
оқылды

11 ақпанда Шымкент қаласының Еңбекші ауданында көпқабатты тұрғын үйдің ауласында қайғылы оқиға болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Құқық қорғау органдары аталған деректі растады.

Куәгерлердің мәліметінше, қалың қардың салдарынан Елшібек батыр көшесіндегі №114 үйдің ауласындағы ағаштың бір бөлігі сынып, сол маңда жүрген 10 жастағы баланың үстіне құлаған. Ауыр жарақат алған бала жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.

Оқиға орнында жедел қызмет өкілдері жұмыс істеді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ресми органдар әзірге қосымша түсініктеме берген жоқ.