Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Румынияның Петролул Плоешти клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Келісім маусым соңына дейін жасалған, сондай-ақ оны ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Sports.kz мәліметінше, футболшының ай сайынғы жалақысы шамамен 9 мың еуро болуы мүмкін. Бұл қазіргі бағаммен шамамен 4,5–5 миллион теңге көлемінде.