Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасының басталғанын және байланыс операторлары үшін үлестік гранттар алуға ашық конкурс басталғанын мәлімдеді.
Ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жобасы іске қосылады
Фото: gov.kz
108
оқылды

Конкурс жобаны жүзеге асыру аясында өткізіледі және ауылдық жерлерде телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ ауыл тұрғындарын жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с болатын Интернет желісімен қамтамасыз етуге бағытталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жоба жергілікті Интернетке қолжетімділік желісі жоқ 1 123 ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салуды қарастырады.

Жобаны іске асыру 445 мыңнан астам үй шаруашылығын қосуға және шамамен 2,3 миллион адамды жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоба аясында байланыс операторларына ауылдық жерлерде телекоммуникациялық желілерді салуға жұмсалған расталатын күрделі шығындардың 50%-ына дейінгі мөлшерде қайтарымсыз үлестік гранттар беріледі. Құрылыс операторлардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте салынған инфрақұрылым олардың теңгерімінде (балансында) қалады.

Қатысушыларды іріктеу тең қолжетімділік, ашықтық және есептілік принциптерін сақтай отырып, Ашық конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.