Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындары аясында Джеки Чанмен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Головкин танымал актермен әңгімелесіп, құрмет ретінде оған қазақтың ұлттық шапанын жауып, тақия сыйға тартты.
«Біздің дәуірдің аңызы – Джеки Чанмен кездесу», – деп жазды Геннадий Головкин Instagram парақшасында.
Айта кетейік, 71 жастағы Джеки Чан 2025 жылдың 22 желтоқсанында Италияның Помпей қаласында өткен Милан-Кортина-д’Ампеццо қысқы Олимпиада ойындарының алау эстафетасына қатысқан болатын.
Еске салсақ, бұған дейін америкалық танымал рэпер Снуп Догг қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты құттықтап, онымен бірге суретке түскен еді.