Цифрландыру дегенде, ең алдымен есімізге ұялы байланыс түседі. Бұл қалыпты түсінік, себебі барлық саланы цифрландыру үшін алдымен байланыс желілері дұрыс болуы керек.
Цифрландыру шалғайға жетпей тұр
98
оқылды

Біздің еліміздің ақсайтын тұсы да осы. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі елімізде 25,9 млн абонент тіркелгенін мәлім еткен. Ал осынша тұтынушы сапалы байланысқа қол жеткізіп отыр ма?

Министрлік еліміздегі ұялы бай­ланыстың сапасы 2011 жылы 3G стан­дартының енгеннен кейін жақ­сара бастағанын атап өтіпті. Қазір елі­міздегі халық саны 10 мыңнан аса­тын аудандар осы 3G стан­дар­ты­ның байланысын қолданады. Ал хал­қы 50 мыңнан асатын аудандар 4G-ге көшкен. 

Былтыр Батыс Қазақстан об­лы­сы телемедицинаны іске қосып бас­­­­­­тады. Әзірге оны тек БҚО-ның екі ға­на ауылында қосып қойды. Те­ректі ауданына қарасты Подс­теп­ное және Ұзынкөл ауылы. Екін­шісі – дәл қала жанындағы ел­ді­ме­кен. Негізі, теле­ме­дицинаның мақ­­­­­­­саты – алыс ауыл­дардағы ағайын­ға жедел меди­ци­на­лық кө­мек көрсету.

Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылы алыс ауылдарға теле­ме­ди­цинаны орнату үшін 500 млн қар­жы бөлетінін мәлімдеген бола­тын. Бірақ сол құрылғыны қосатын ғаламтордың жоқтығы ескерілмей қал­ғандай. Мұны кезінде Пар­ла­мент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракция­сы­ның мүшесі Нартай Сәрсенғалиев те сынады. 

– Алыстағы азаматымызды аман алып қалу үшін телемедицина мен ЖИ-ді қолданамыз десек, алдымен Қазақстанның түкпір-түкпірін са­па­лы интернетпен қамтамасыз ету қа­жет. Қазіргідей бюджет тапшы­лы­ғы кезінде елдің барлық аумағы­на сапалы интернет тартуға бюд­жет­­тен қаржы бөліне ме? Бұл – үл­кен сұрақ. Бұдан бөлек, ғаламторға қо­сылған аймақтарда орналасқан ме­дициналық мекемелердің өзінде серверлердің ескіргені, базалардың есеп­теу қуаттылығының жеткі­лік­сіз­дігі, ақпараттық жүйелердің бы­ты­раңқылығы және интеграцияның бірыңғай стандарты жоқ екені анық­­талды. Оған қоса, ЖИ-ді ме­ди­­цинада толыққанды қолдану үшін инфрақұрылымды жаңар­ту­мен қатар қажетті технологиялық ше­шімдерді сатып алу қажет, онсыз бастама іске аспайды. ЖИ-ді енгі­зе­міз деп жанталасқан уәкілетті ор­ган осынша проблеманы жедел ше­ше ала ма? – деп сынаған еді Н.Сәрсенғалиев. 

Ауылдардағы ұялы байла­ныс­тың нашарлығы, ғаламтордың мүл­­де болмауы, цифрландыруға қа­дам ба­самыз деп отырған еліміз үшін үл­кен кедергі. Ол аздай теле­ме­­диц­инаны қосу үшін қажетті сер­верлердің тоз­ғаны, білікті ма­ман­дардың тап­шы­лы­ғы тағы бар. 

Депутаттың сөзінше, ЖИ-ді ен­гізуді нақты жүзеге асыру үшін заң­намалық өзгерістер қажет. Атап айтқанда, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, «Дербес деректер және олар­ды қорғау туралы» заңға және «Ақ­параттандыру туралы» заңға то­лықтырулар енгізілуге тиіс. 

Қазір БҚО бойынша 405 ауыл­дық елді мекеннің 366-сында ға­лам­­тор желісі бар. Бірақ бәрі ой­да­ғы­дай емес. 

– Жалпы алғанда, телеме­ди­ци­на­ны орнату үшін ауылдық округ­тер­дегі медициналық орталықтар ин­тернет қызметінің сапасын өз­де­рі таңдайды. Олар мемлекеттік са­тып алу арқылы таңдалған ұялы бай­ланыс операторларынан сапалы ин­тернетті талап ете алады. Ол әл­бетте ұйымның бюджетіне тікелей қа­тысты. Қазір адам саны 50-ден тө­мен ауылдарда интернет сапасы да, ұялы байланыс сапасы да төмен екенін жасырмаймыз. Жалпы, адам аз ауылдарға өте жоғары сападағы ға­ламторды тарту шығыны өтел­мей­тін іс болғандықтан, байланыс опе­раторлары келіспейді. Соған қа­­рамастан, келіссөздер жүргізіп ке­леміз. Мәселен, ұялы байланыс са­­­­пасын арттыру мақсатында 23 ауыл­да жаңа базалық станция ор­натылып, 202 ауылда 4G стан­дар­ты­на жетілдірілді. 5G стандарты бойынша Оралда 77 станса іске қо­сылды, биыл тағы 19 станса ор­натылады. 7 антенна-діңгек құрыл­ғы­сы республикалық жолдарға жос­парланған. 28 ауылға Starlink спу­тниктік интернеті тартылды, – дейді БҚО Цифрлық технологиялар басқармасының маманы Райымбек Рашитов. 

Цифрландыру дегеннен шыға­ды, БҚО-да жол қозғалысын, өрт қауіпсіздігін және қоғамдық қауіп­сіз­дікті қамтамасыз ету мақсатында 310 камера орнатылды. Ол камера­лар­дың барлығы да жасанды интел­лек­ті арқылы басқарылады. Орал қаласына орнатылған 300 камера Полиция департаментінің жедел бас­қару орталығына қосылған. Олар­­ды бұрынғыдай кезекші по­ли­ция бағып отырмайды. Құқық­бұзу­шылық анықталған бойда жасанды ин­теллект дереу орталыққа сигнал бере­ді. Осы жасанды интеллектіге қо­сылған камералардың арқасында көптен іздеуде жүрген азаматтарды да тауып жатыр. 

– Өңірде орман өртінің алдын алу және ерте анықтау мақсатында 10 бейнебақылау жүйесі іске қо­сыл­ды. Қалалық емханалардың бірінде азаматтарға қоңырау шалу жүйесі ав­томаттандырылды. Облыс орта­лы­ғында барлық қоғамдық көлікте электронды төлем жүйесі енгізілді. Ауыл шаруашылығы жерлерінің мақ­сатты пайдаланылуына геоақ­па­раттық портал арқылы мони­то­ринг жүргізіледі. E-sep.su жобасы ауыз­суды тұтынудың ашықтығын қам­тамасыз ете отырып, әділ суб­сидиялауға және бюджет қаражатын үнем­деуге мүмкіндік берді. IT қауым­­­­дастығымен бірлескен жұ­мыс­тың нәтижесінде, IT-Hub бағ­дар­­ламалау мектебінде 6 айлық оқы­­ту курсынан өткен 58 түлек жер­гілікті компанияларда еңбек ету­­де, – дейді БҚО Цифрлық тех­но­логиялар басқармасының бөлім басшысы Райымбек Рашитов. 

Осынша қарқынды жұмыстарға қарамастан, ауылдағы байланыс пен интернеттің жайы әлі де өзекті еке­нін жасыра алмаймыз. Инф­ра­құры­лымның өзі кейде шығынға ба­тыруы мүмкін. Бұл түйткілді жауа­п­ты­лар алдағы уақытта қалай ше­­­­шеді, ол жағы белгісіз.

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы