Димаш Құдайберген бұл көлікті күллі қазақ елінің және отбасының атынан сыйға тартып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мишабай, аман есен елге жетуіңмен! Өзімнің атымнан ғана емес, сенің жеңісіңнен мерейі көкке көтерілген барша Қазақстандықтардың атынан Hyundai Palisade автокөлігін уәде еткенімдей табыстадым. Саған мықты денсаулық, күш-қуат және жаңа рекордтар тілеймін,-деп жазды Димаш Құдайберген өзінің желідегі парағына.
Осыған дейін Михаил Шайдоровқа ерекше сыйлық берілгенін хабарлаған болатынбыз