Щучинск қаласында жарылыстан қаза болғандар саны тоғыз адамға жетті.
Щучинскідегі жарылыс: қаза тапқандар саны тоғыз адамға жетті
201
оқылды

Бұл туралы Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы шұғыл ақпарат таратты,  деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Осыған дейін ведомство Щучинск қаласындағы “Центр плова” дәмханасында болған жарылыстан 28 адам зардап шегіп, сондай-ақ бес адам оқиға орнында және екеуі ауруханада қаза болғанын хабарлаған. Бес адам санавиациямен Астанаға жеткізілген. 

2 наурыз күні “Авиценна Бурабай” ауруханасында тағы төрт адам қалып, тағы төртеуі Ақмола облыстық ауруханасында жатқан. 

Дәрігерлер әрбір пациенттің өмірін ажалдан арашалау үшін барынша күресіп жатыр. Ол үшін  ауруханалардың барлық кадрлық персоналы жұмылдырылған. Медициналық техникалар мен емдеу препараттары жеткілікті. Алайда дәл қазіргі уақытта Щучинск қаласында тағы бір адам құтқаруға қаншалықты әрекет жасалғанымен, дәрігерлер ажалдан арашалай алмады. Енді құрбан болғандар саны тоғыз адамға жеткенін қайғыра хабарлаймын,  дейді Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы