Әртістер көрермендерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, жиналған қауымға ерекше көңіл күй сыйлады.
Астанада Open Air концерті мен әсерлі дрон-шоу өтті
Фото: Астана әкімдігі
108
оқылды

Астанада Халықаралық әйелдер күні қарсаңында EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында Қазақстанның жаңа Конституциясын қолдауға арналған Open Air форматындағы мерекелік live-концерт өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп жазды Aikyn.kz.

Іс-шарада елорда тұрғындары мен қонақтары бас қосып, мерекелік шаралардың біріне айналды. Сахнада қазақстандық танымал өнерпаздар – Әлішер Кәрімов, Қайрат Байкенов, Ернар Амандық, Bayansulu, Мади Қадыров, сондай-ақ Zaman және «Жошы» топтары өнер көрсетті. 

Әртістер көрермендерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, жиналған қауымға ерекше көңіл күй сыйлады. 

Кештің көркін әсерлі дрон-шоу қыздыра түсті. Түнгі аспанда дрондар алтын және көгілдір шамдар арқылы Қазақстан картасының бейнесін жасап, оның ортасында «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуды бейнеледі. Осыдан кейін аспанда «Референдум» жазуы мен оның өтетін күні – 15 наурыз көрініс тапты.

Шоудың финалында Қазақстанның басты ұлттық рәміздерінің бірі – шаңырақ бейнеленіп, оның төменгі жағында ел бірлігі мен жауапты таңдауды білдіретін көк түсті белгі көрсетілді. 

Мерекелік іс-шара елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлап, әсерге толы кеш болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.