Ол өзі туралы шындыққа сай келмейтін видео таралып жатқанын атап өтті.
«Қайтыс болды»: Қуат Хамитов өзі туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды (видео)
178
оқылды

Спортшы, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өзі туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол таралып жатқан бейнежазбалар шындыққа сай келмейтінін атап өтті.

«Ассалаумағалейкум, достар! Кейінгі кезде әлеуметтік желілерде «Қуат Хамитов қайтыс болды, өмірден өтті» деген түрлі видеолар таралып жатыр. Бұған сенбеңіздер. Егер мен шынымен өмірден өтсем, өзім желіге шығып, ресми түрде хабарлаймын. «Жігіттер, мен қайтыс болдым» деп айтамын. Сондықтан мұндай қауесеттерге сенбеңіздер», - дейді Қуат Хамитов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.