Отандық өндірісті қолдау мақсатында қажетті құрылыс материалдарын өндіру жобалары жүзеге асырылуда.
Құрылыс материалдарын қолжетімді ету үшін 38 жаңа жоба іске қосылады
Фото: primeminister.kz
123
оқылды

Үкімет отырысында Премьер-министр құрылыс көлемінің жыл сайын өсуіне байланысты құрылыс материалдарына да сұраныс артып отырғанын атап өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сондықтан тапшылық пен бағаның өсуіне жол бермеу, сондай-ақ отандық өндірісті қолдау мақсатында қажетті құрылыс материалдарын өндіру жобалары жүзеге асырылып жатыр.

Биыл елімізде осындай 38 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған. Өнеркәсіп министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, олардың уақытылы іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс, – деді Олжас Бектенов.

Жалпы, бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.