ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінде B1 деңгейіндегі қазақ тілі бойынша әскери қызметшілерге сертификаттар тапсыру рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР ІІМ "Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сабақтарды "Шырақ" қалалық Тіл орталығының оқытушысы Айболатқызы Толқынай өткізді.

Оқу барысында қатысушылар қазақ тілінің грамматикасын меңгеріп, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар ұландықтар күнделікті қызметте қолданылатын құжаттаманы жүргізудің кәсіби терминдері мен ерекшеліктерін зерттеді.
Іс-шара барысында әскери бөлім қолбасшылығы мемлекеттік тілді білу әрбір әскери қызметшінің кәсіби дамуының маңызды бөлігі болатынын атап өтті.
Айта кету керек, Ұлттық ұланда мемлекеттік тілді меңгеруге көп көңіл бөлінеді. Бұл әскери ортада өзара түсіністікті нығайтады және қызметтік-жауынгерлік міндеттерді неғұрлым тиімді және сапалы орындауға ықпал етеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.