Тексеру барысында оның қалтасынан ұзындығы 35-40 сантиметрлік пышақ табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шақырылды.
Петропавлда қырағы сарбаз құқықбұзушылықтың алдын алды
109
оқылды

Петропавлда қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқаратын Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6637 әскери бөлімінің сарбаздары кәсібилік пен қырағылық танытып, ықтимал құқықбұзушылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

9 наурыз күні сағат 19:20 шамасында ефрейтор Никита Шиминнің басшылығымен патрульші жауынгерлер Глеб Ковалевский және Руслан Теміржанов, сондай-ақ кинолог ефрейтор Жандос Амангелді "Инна" атты қызметтік иттің көмегімен азаматтардың бірінің күдікті әрекетіне назар аударды. Әскери қызметшілер құжат тексеру үшін ер адамды тоқтатқан.

Тексеру барысында оның қалтасынан ұзындығы 35-40 сантиметрлік пышақ табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шақырылды.

Ұландықтардың сауатты және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жағдай жедел бақылауға алынды. Ер адам мән-жайды анықтау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.