Тергеу органдарының алдын ала мәліметіне сәйкес, марқұмдардың денесінде өткір затпен салынған жарақаттар анықталған.
Атыраудағы жоғалған отбасы: марқұмдардың денесінен өткір заттан болған жарақаттар анықталды
Фото: tengrinews.kz
111
оқылды

Атырау қаласындағы «Геолог» ықшамауданынан табылған 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиев пен 35 жастағы Мейрамгүл Қарабалинаның өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тергеу органдарының алдын ала мәліметіне сәйкес, марқұмдардың денесінде өткір затпен салынған жарақаттар анықталған.

Оқиғаның мән-жайына қатысты Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов түсініктеме берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

– Марқұмдардың денесінде өткір затпен салынған жарақаттар бар. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деді Құттыбай Садықов.

Мамандардың айтуынша, сараптама қорытындысы марқұмдардың нақты неден көз жұмғанын және олардың қашан қайтыс болғанын анықтауға мүмкіндік береді.