Түркістан облысының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысының аумағында бірқатар интернет-алаяқтық жасады деген күдікке ілінген тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ер адам әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жалған интернет-дүкендер құрған. Содан кейін нарықта бағасы қымбат телефондарды арзан бағамен сату туралы хабарландыру жариялап, тауар үшін алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ақшаны алғаннан кейін байланысқа шығуды тоқтатқан. Ал қаржатты жұмсап үлгерген.
Қазіргі уақытта күдіктінің интернет-алаяқтықтың 8 фактісіне қатысы бар екені анықталды. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 1 миллион теңгеден асады.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
“Полиция азаматтарды онлайн сатып алу кезінде қырағы болуға және бөгде адамдарға сенбеуге шақырады», - делінген полиция хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.