Екібастұз маңында 170 гектар жерге үлкен деректер орталықтары салынып, онда суперкомпьютерлер мен бұлттық технологиялар орналастырылады. 
2027 жылға дейін 3 мың ауылға оптикалық желі тартылады – Бағдат Мусин
182
оқылды

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің айтуынша, телекоммуникация саласы қазір тек байланыс емес, барлық цифрлық трансформацияның негізін, яғни цифрлық инфрақұрылымды қалыптастырады. Бұл туралы ол республикалық референдум аясында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн марафонында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бағдат Мусин цифрлық инфрақұрылымға жаңа байланыс желілері, деректерді өңдеу орталықтары және интернет сапасын арттыру жобалары кіретінін атап өтті.

«Қазақтелеком» 2027 жылдың соңына дейін 3 мың ауылға жаңа оптикалық желілер тартып, интернет сапасын жақсартуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар республикалық және облыстық маңызды автожолдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Цифрлық инфрақұрылым тек байланыс желілерінен тұрмай, деректерді өңдеу орталықтарын да қамтиды. Мысалы, Екібастұз маңында 170 гектар жерге үлкен деректер орталықтары салынып, онда суперкомпьютерлер мен бұлттық технологиялар орналастырылады. Бұл жобалар болашақтағы цифрлық трансформацияның негізін құрайды», – деп нақтылады ол.