Ол өз таңдауын жасады.
Бақтияр Мәкен республикалық референдумға қатысып, өз дауысын берді
130
оқылды

Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бақтияр Мәкен бүгін республикалық референдумға қатысып, өз дауысын берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Мен үшін Қазақстанда “Заң мен тәртіп” қағидаттарының нығаюы, азаматтардың құқықтарының қорғалуы және әр адамның ел болашағына жауапкершілікпен қарауы – өте маңызды. Осындай маңызды шешімдерге қатысу әр азаматтың парызы деп есептеймін", деді ол.