Алматы қаласының тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр.
Алматы қаласында референдум әділ өтіп жатыр – Салтанат Ерболқызы
165
оқылды

«AMANAT» партиясының байқаушысы Салтанат Ерболқызы Алматы қаласындағы референдум барысы туралы айтты. 

«Бүгін Әуезов ауданында орналасқан №131 учаскеде бақылаушы болып отырмын. Бүгін – еліміз үшін маңызды күн. Әрбір азамат өз конституциялық құқығын пайдаланып, референдумға қатысып, өз таңдауын жасауда. Лауазымды тұлғалар да, қарапайым азаматтар сияқты, өз учаскелеріне барып дауыс бере алады.

Айта кету керек, әрбір азаматтың ерік білдіру құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңымен қорғалған. Дауыс беру құпия түрде өтеді. Бұл – демократиялық процестің маңызды қағидаларының бірі.

Біздің учаскеде дауыс беру барысы ашық, әділ өтіп жатыр. Барлық жағдай жасалған. Бақылаушылар қатысып отыр», – деді тәуелсіз байқаушы Салтанат Ерболқызы.

Бұған дейін  Қызылорда облысында өтіп жатқан референдум барысы туралы хабарлаған болатынбыз.