Бақылау Қазақстанның 9 өңірінде және шетелдегі 12 мемлекетте жүргізіліп жатыр. Байқаушылар 520-дан астам сайлау учаскесіне барған.
Қазақстан жастары референдумға белсенді қатысуда – ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы
101
оқылды

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Игорь Петришенко ТМД миссиясы Қазақстанда 19-рет бақылау жүргізіп отырғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазіргі таңда 161 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Бақылау Қазақстанның 9 өңірінде және шетелдегі 12 мемлекетте жүргізіліп жатыр. Байқаушылар 520-дан астам сайлау учаскесіне барған.

Миссия басшысы оған қызықты болып көрінген бір жаңашылдық туралы айтып өтті. Оның сөзінше, учаскелердің бірінде дауыс беріп шыққаннан кейін жас жігіт қызға үйленуді ұсынған, ал қыз келісімін берген.

«Бұл да Қазақстан жастарының электоралдық науқанға белсенді қатысып жатқанын көрсетеді. Айта кетейін, біз қоғамдық бақылаушылардың арасында көбіне жастардың көп екенін байқадық. Жастар шынымен де елдің болашақ дамуына алаңдайды, ойлайды. Менің ойымша, қабылданатын шешім Қазақстанның оң және тұрақты дамуы үшін қабылданады», – деді Игорь Петришенко.