Бұл туралы «Референдум – 2026» онлайн-марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында айтты.
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты – ІІМ ресми өкілі
109
оқылды

ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, қалалардағы көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдай тұрақты бақыланады. Бұл бақылау Жедел басқару орталықтарының бейнекамералары арқылы да жүргізіліп жатыр.

«Азаматтардан немесе сайлау комиссияларынан түскен кез келген өтініш бойынша полиция қызметкерлері жедел әрекет етуде. Қазіргі уақытқа дейін референдум барысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ. Полиция – дауыс беру толық аяқталғанға дейін қызметін жалғастырады. Негізгі мақсат – азаматтардың қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету», – деді спикер «Референдум–2026» онлайн-марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.