ТЖМ ресми хабарлама таратты
«Секундтар ғана қалды»: Астанада өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Видеодан скриншот
190
оқылды

Нұра ауданында Ш. Айтматов көшесіндегі 12 қабатты тұрғын үй кешенінің паркингінде құрылысшылар пайдаланған тұрмыстық бөлмеде үй заттары өртенген.

Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері өртті жедел сөндіруге кірісті. Жұмыс барысында қауіпсіз жерге көлемі 50 литрлік газ баллоны шығарылып, ықтимал жарылыстың алдын алынды.

Өрт шағын аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.