Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі жарияланды, - деп хабарлайды Aikyn.kz
– Сауалнамада 200 референдум учаскесін қамтыды. Оның ішінде 129-ы қалада, 71-і ауылды жерде орналасты. Сауалнамаға жалпы 30 мың респондент қатысты. Оларға арнайы даярланған сұхбат алушылар face-to-face әдісі арқылы сауал қойды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды. Күні бойы жеті өлшем жүргізілді. Аралық қорытындылары 9:00-де, 10:30-да, 12:30-да, 14:30-да, 16:30-да, 18:30 және 20:30-да жасалды, - делінген институт мәліметінде.
Дауыс берушілерге «Сіз жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба?» деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген бір ғана сұрақ қойылды.
Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.
Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді.
Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысты, оларға арнайы даярланған интервьюерлер face-to-face әдісімен сұхбат жүргізді.
Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды