Exit poll-ға 24 мың азамат қатысты
Қоғамдық саясат институты еліміздің барлық өңірінде Exit poll өткізген нәтижесі жарияланды
151
оқылды

15 наурыз Республикалық референдум күні «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты еліміздің барлық өңірінде Exit poll өткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Сауалнама барысында 400-ден астам интервьюерлер мен супервайзерлер жұмыс атқарды.

Exit poll-ға 24 мың азамат қатысты. Сауалнама 200 дауыс беру учаскесін қамтыды.

Exit poll нәтижесі бойынша, референдумға 72,1% дауыс берушілер келді.

Қатысушылардың 88,6%-ы жаңа Конституцияны қабылдаймын деп дауыс берді.

Дауыс беру учаскелерінің шыға берісінде сауалнаманы арнайы exit poll жүргізу технологиясын меңгерген интервьюерлер жүргізді.