ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.
Олжас Бектенов: Қазақстан азаматтары өз таңдауын жасап, Президенттің ауқымды реформаларына қолдау білдірді
Фото: primeminister.kz
95
оқылды

Олжас Бектенов еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтып, жалпыхалықтық референдумда ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсете білген Қазақстан азаматтарына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшысының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына жаппай қолдауын білдірді. Біз сіздермен бірге ауқымы мен мән-маңызы тұрғысынан ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның тікелей куәгері болдық.

Президентіміз  атап өткендей, қазақстандықтар жаңару мен жаңғыру үшін дауыс беріп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлестерін қосты. Әділетті әрі Өркендеген Қазақстанның жаңа тарихы ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, тек демократиялық құндылықтар негізінде қалыптасуда.

Жүргізіліп жатқан өзгерістердің сапасы мен даму қарқынын қамтамасыз ете отырып, бәріміз бірге алға қойылған мақсат-міндеттерге қол жеткізетінімізге сенімдімін.

Барша қазақстандықтарды Отанымыздың Бірлігі мен Тәуелсіздігінің және Егемендігінің символы болып саналатын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын!,  деді Үкімет басшысы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.