Айтуынша, кино Америкада түсірілген.
«Ұят деген не?»: Баян Алагөзова Америкада кино түсірді (видео)
115
оқылды

Продюсер Баян Алагөзова шығармашылықтағы жаңалығын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол жақында жаңа фильмі жарыққа шығатынын жеткізді. Айтуынша, кино Америкада түсірілген. Басты рөлді Дариға Бадықова сомдаған.

«Достар! Сіздерге керемет жаңалықты бөліскім келеді. Біз Америкада фильм түсірдік! “ WHAT IS ҰЯТ?”. Бұл 100% америкалық актерлер қатысқан алғашқы қазақстандық фильм. Америкада тек бір ғана қазақ актрисасымен түсірілген. Дариға Бадықова басты рөлді, яғни жүк көлігі жүргізушісін керемет сомдап шақты. Соншама дайындықтан кейін ақыры дегенімізге жеткенімізге қуаныштымын. Бұл жұмыс үшін бүкіл командамызға алғыс айтамын және сіздер бұл қызықты оқиғаны жақын арада үлкен экраннан көресіздер деп үміттенемін!» - деп жазды продюсер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.