Гүлайым Рахмонова жазбасында төрт бала өзімен қалғанын және қазір бесінші сәбиін күтіп жүргенін жеткізген.
«Ажырасқан соң балаларынан бас тартты...»: Шавкат Рахмоновтың әйелі күтпеген жазба жариялады (видео)
Коллаж: Aikyn.kz
193
оқылды

Спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде ажырасқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Гүлайым Рахмонова жазбасында төрт бала өзімен қалғанын және қазір бесінші сәбиін күтіп жүргенін жеткізген. Ол спортшы балаларынан бас тартқанын ашық айтты және аяқ астынан өзгеріп кеткеніне өзі де таңғалған.

"Балалар ажырасқаннан кейін анасына ғана керек. Бүгін ол бәрібір аналарына ұқсап кетеді деп өз балаларынан бас тартты… Қамқор болып жүрген әке бір күннің ішінде өзгеріп, балаларын керек етпей қалады деп ешқашан ойламаппын. Иә, мен төрт бала дүниеге әкелдім, қазір бесіншісін күтіп жүрмін. Мен тағы көп туады екенмін. Әкесіне баласы керек болмаса, балаға да әкесі енді керек емес. Алла маған балаларымды жеткізуге күш-қуат берсін", – деп жазды ол.

Ал аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов әзірге ешқандай түсініктеме бермеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.