Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Тұман түсіп, көктайғақ болады: 20 наурызға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
91
оқылды

Қазгидромет 20 наурызда ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Кейбір өңірлерде жел күшейіп, найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін.

Атырау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз өңірдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

Астанада 20 наурызда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Осындай жағдай Ақтөбе қаласында да байқалады.

Ақмола облысында тұман мен көктайғақ болады. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Өңірдің оңтүстігінде және таулы аумақтарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Таразда да кей уақыттарда тұман түсуі мүмкін.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Павлодар қаласында да тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Түнде және таңертең көктайғақ сақталады. Қарағанды қаласында да тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады.

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өңірдің солтүстігінде және таулы бөлігінде тұман болады. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей аумақтарда секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Шымкентте де кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Семейде 20 наурызда түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында да тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оралда да осы құбылыстар байқалады.

Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың орталығында желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде көктайғақ болады. Сонымен қатар өңірдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Өскеменде де тұман болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.