BI Engineering & Construction 46 гектар қоғамдық кеңістікті жаңартты. Жаңа спорт алаңдары, субұрқақтар, скейт-парк пайда болды, ауқымды көгалдандыру жұмысы жүргізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Жобаның негізгі бөлігі – саябақ, ол 37,5 гектар жерді алып жатыр. Мұнда серуендейтін алаң, демалыс орындары бар. Алты спорт алаңы жабдықталды. Үлкен және кіші футбол алаңдары, теннис, баскетбол, стритбол, бадминтон алаңы. Жастар мен экстремалды спортты сүйетіндер үшін 2 628 м² аумақты қамтитын памп-трек пен скейт-парк салынды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын және воркаут аймақтары бар.
Саябақтың инфрақұрылымы бұл жерде ұзақ уақыт демалуға ыңғайланған. Төрт фудкорт, кафелер, бес санитарлық торап орналасқан. Әткеншектер мен көлеңкелі шатырлар, шахмат павильоны бар, автотұрақ пен модульдік бақылау-өткізу пункттері бар кіреберістер жабдықталған.

Саябақтың негізгі параметрлері мен нысандары:
Саябақтың сыртқы келбеті де айтарлықтай өзгерді. Аумағы – 37,5 га, 6 спорт алаңы бар. Скейт-парк – 2 600 м² және памп-трек, 4 фудкорт және кафелер орналасқан. Үш субұрқақ кешені бар: дөңгелек тұманды субұрқақ, ұзындығы 120 метр «Сырдария» субұрқағы және «Өмір терегі» композициясы. Биіктен шолу жасайтын 50 метрлі дөңгелек, оның іші 32 кабинамен толықтырылған. 2 000-нан астам ағаш және 105 000-нан астам бұта мен гүл егілген. Саябақ ішінде тәңірлік күнтізбенің 12 жылына арналған 12 жануардың мүсіні бейнеленген. Жасыл желектер жаңа ортаға бейімделіп жатыр. Суару үшін көлемі 500 м³ болатын үш резервуар салынды.

«Саябақ қазір жай ғана жасыл аймақ емес, қала өмірінің тіршілігі қайнайтын қоғамдық орын. Мұнда балалар ойнайды, жасөспірімдер спортпен айналысады, отбасымен бірге уақыт өткізеді. Қызылордада осындай заманауи саябақтың пайда болуы – қала дамуының маңызды қадамы.
Мұндай ауқымды жобалар бірден іске қосылмайды. Жасыл желектер бейімделуі тиіс, инфрақұрылымның бір бөлігі, мысалы субұрқақтар, маусым ашылған соң іске қосылады. Жазға қарай саябақ толықтай жұмыс істейді», – деді жоба жетекшісі Владислав Хен.
Аумақтың инженерлік инфрақұрылымы да жаңарды. 1 598 шам және жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін үш трансформаторлық қосалқы станса орнатылды. Жоба құрамына 300 орындық балалар лагері (6,09 га) және жылыжайы бар ботаникалық бақ (2,41 га) та кіреді. Бұл нысандардағы жұмыс жалғасуда, жазда аяқталып, пайдалануға берілмек.