Сонымен қатар оны іске асыру қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Енді елімізде дербес деректерді қорғау талаптары күшейтілмек
www.istockphoto.com
93
оқылды

Қазақстанда электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді қорғау талаптарын жетілдіруге бағытталған бұйрық жобасы Ашық НҚА порталына қоғамдық талқылауға шығарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Атап айтқанда, өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 9 қаңтардағы заңын іске асыру мақсатында енгізіліп отыр.

 Жобаның негізгі мақсаты  электрондық ақпараттық ресурстардағы дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалу деңгейін арттыру,  делінген құжатта.

Құжатты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейді. Сонымен қатар оны іске асыру қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді деп атап өтілген.

Айта кетейік, «дербес деректер» ұғымының анықтамасы нақтыланды. Енді оған электрондық, қағаз немесе өзге де материалдық тасымалдағышта тіркелген, нақты немесе анықталатын тұлғаға қатысты деректер, соның ішінде биометриялық деректер де кіреді.