Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 232-1 бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
«Өз есепшотын ақша шешуге берген»: Қызылордада дропперлікпен айналысқан 5 адам қылмыстық жауапқа тартылды
140
оқылды

Қызылорда облысында өз есепшотын үшінші тұлғалардың пайдалануына берген 5 азамат қылмыстық жауаптылыққа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жеңіл жолмен пайда табу мақсатында Қызылорда қаласының тұрғыны өзіне тиесілі банк есепшотын үшінші тұлғалардың пайдалануына 20 000 теңге сыйақыға беріп, дропперлік  қызметпен айналысты.

Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 232-1 бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Өз кезегінде, дропперлер алаяқтық схемаларда делдал ретінде әрекет етеді. Олардың негізгі қызметі – заңсыз жолмен келген ақшаны қабылдау, оларды басқа банктік шоттарға аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдырып, ұйымдастырушыларға беру.

Аталған құқықбұзушылықтың ауырлығына байланысты заңнамамен кінәлі тұлғаларға айыппұлдан бастап 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Егер адам заңсыз схемаға тартылғанын түсініп, бұл туралы уәкілетті органдарға өз еркімен хабарлап, қылмыстың ашылуына белсенді ықпал етсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Осы орайда облыстық прокуратура азаматтарды алаяқтық схемалардың құралына айналмауға және өздерінің банктік деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.