Қазгидромет 24 наурызда бірқатар өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай болады. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Алматыда кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.
Қонаевта батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Іле Алатауы бойынша: 24 наурызда түнде кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай болады. Түнде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Қарағандыда кей уақыттарда тұман түседі.
Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Павлодарда тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ.
Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Қостанайда түнде және таңертең тұман болады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда күндіз жаңбыр, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астанада түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады. Жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, күндіз таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Таразда түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.