Әнші Әділ Сламхан ауруханада түсті, – деп жазды Aikyn.kz.
Жұбайы Дана Маханбаева әншіге ота жасалғанын айтты.
"Біраздан бері көңілде мұң басып жүргені рас. Әдекеңнің белі ауырып, грыжасы мазалап болмаған соң ота жасалды. Қазір Аллаға шүкір орнынан тұрып жүр. Алла шипасын беріп шауып кет, Әдекем!" - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, мықты денсаулық тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.