Аса ауыр салмақта (+90 кг) ел намысын қорғайтын Айбек Оралбай ширек финалда өзбекстандық Арман Махановпен кездеседі.
Боксшы Айбек Оралбайдың ширек финалдағы қарсыласы анықталды
87
оқылды

Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үшін маңызды жекпе-жектердің бірі анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аса ауыр салмақта (+90 кг) ел намысын қорғайтын Айбек Оралбай ширек финалда өзбекстандық Арман Махановпен кездеседі.

Маханов 1/8 финалда моңғолиялық Бекнұр Қалимен жұдырықтасып, жекпе-жекті толық бақылауда ұстады. Алғашқы раундтардан бастап басымдық танытқан ол үшінші кезеңде қарсыласын нокдаунға жіберіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Төреші техникалық нокаут тіркеді.

Осылайша, Арман Маханов келесі кезеңге өтіп, енді Айбек Оралбаймен рингке шығады. Бұл жекпе-жек турнирдегі ең тартысты кездесулердің бірі болмақ.

 

Сонымен қатар тағы бір қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпековтің де қарсыласы белгілі болды. Ол жартылай финал жолдамасын 4 сәуір күні сарапқа салады.