Павлодар облысында күндіз жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.
Жаңбыр жауады, найзағай ойнайды: 9 сәуірге ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
112
оқылды

Қазгидромет 9 сәуірде ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен батысында тұман түседі. Күндіз солтүстік пен оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай болады, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай.

Павлодар облысында күндіз жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.

Жетісу облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысында түнде батысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында нөсер жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15–20 м/с.

Ақтөбе облысында түнде шығысында нөсер жаңбыр жауады.

Жамбыл облысында түнде және таңертең оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман. Күндіз оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ тсүеді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Облыстың батысы мен солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары. Таразда түнде және таңертең тұман, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ болады.

Алматы облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, тау бөктері мен таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстігінде және тау бөктерінде қысқа мерзімді жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с, шығысында кейде 24 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Алматыда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 15 м/с. Қонаевта күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, жел 15–20 м/с. Іле Алатауының таулы аймақтарында жауын-шашын, найзағай, жел 18 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15–18 м/с. Атырауда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Ұлытау облысында түнде жаңбыр, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және орталығында тұман. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде тұман тсүеді. Күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–18 м/с. Облыстың оңтүстігі мен батысында өрт қаупі жоғары. Қарағандыда жаңбыр, найзағай ойнайды.

Қостанай облысында түнде батысында, оңтүстігінде және шығысында жауын-шашын, кей жерлерде нөсер жаңбыр. Күндіз жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай, жел, күші 15–20 м/с.

Қызылорда облысында түнде және таңертең солтүстігінде және орталығында тұман. Күндіз солтүстігінде және орталығында найзағай, дауылды жел (шквал) болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Шығысында өрт қаупі жоғары. Қызылордада найзағай болады.

Абай облысында түнде және таңертең солтүстігінде тұман. Күндіз батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай. Солтүстік және солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Өскеменде де түнде және таңертең тұман болады.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман. Күндіз солтүстік-батысында жаңбыр, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с. Ақтауда түнде кей уақыттарда тұман.

Батыс Қазақстан облысында түнде батысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман.

Түркістан облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Күндіз батысында, солтүстігінде және таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Облыстың батысы мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Түркістанда түнде найзағай, желдің екпіні 15–20 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.