Сандар сөйлейді: жыл басынан бері Ұлттық ұлан жауынгерлері ұстаған құқық бұзушылардың саны – 3 357.
Ұлттық ұланның жеке құрамы еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді
Фото: gov.kz
85
оқылды

2026 жылдың І тоқсанында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері 3 357 құқық бұзушыны ұстап, ішкі істер органдарына жеткізген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Олардың 71-і қылмыс белгілері бар тұлғалар.

Ұландықтар күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарады. Үш ай ішінде олар патрульдік қызмет бойынша 839 жауынгерлік тапсырманы орындап, республика бойынша 99 қоғамдық-саяси және бұқаралық іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Қызмет барысында заңсыз айналымнан 28 бірлік суық және атыс қаруы тәркіленіп, есірткі заттарын тәркілеу бойынша 10 дерек тіркелді.

Сонымен қатар Ұлттық ұлан бөлімшелері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету және сотталғандарды айдауылдау міндеттерін орындайды. Қазіргі таңда 39 ҚАЖ мекемесі мен бір өндірістік нысан күзетте. Айдауылдау 35 бағыт бойынша жүзеге асырылып, түрлі деңгейдегі сот отырыстарының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Жыл басынан бері тыйым салынған заттарды өткізудің 61 әрекетінің жолы кесілді. Нәтижесінде, 29 ұялы телефон, 10 SIM-карта, сондай-ақ жалпы салмағы 101,28 грамм есірткі заттары тәркіленді.

Сонымен бірге үш ай ішінде 60 жоспарлы теміржол, 143 автожол, 378 қарсы алу, 672 сот және 6 ерекше айдауыл ұйымдастырылды. Айдауылдау барысында шамамен 19 мың сотталған және қамаудағы адам тасымалданды.

Айта кету керек, Ұлттық ұланның жеке құрамы полициямен бірлесіп еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Күн сайын бұл міндетке 8 мыңнан астам ұландық жұмылдырылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.