Тасымалдаушының мәліметінше, мұндай шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз ахуалға байланысты қабылданған.
Қазақстаннан Дубайға ұшатын әуе рейсі уақытша тоқтады
101
оқылды

FlyArystan әуе компаниясы "Ақтау – Дубай – Ақтау" бағыты бойынша рейстерді 29 тамызға дейін тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тасымалдаушының мәліметінше, мұндай шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз ахуалға байланысты қабылданған. Компания өкілдері тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билет құны толық көлемде қайтарылатынын, ешқандай айыппұл ұсталып қалмайтынын мәлімдеді.

Егер билет әуе компаниясының ресми сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы сатып алынған болса, жолаушылар қаражатты онлайн түрде өз бетінше қайтара алады. Ал билетті туристік агенттіктер немесе басқа сату арналары арқылы алғандар сол орындарға жүгінуі қажет.

Айта кетейік, бұған дейін Air Astana компаниясы да Дубай бағыты бойынша тұрақты рейстердің тоқтатылуын 30 сәуірге дейін ұзартқан еді.