Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.
Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру қағидалары бекітілді
Фото: iStock
123
оқылды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру қағидалары бекітілді. Құжат 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Бекітілген қағидаларға сәйкес, «Ұлттық» мәртебесі архив ісі саласында мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы бар және белгіленген талаптарға сай келетін мемлекеттік архивтерге беріледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.